«Тәуелсіздікті алғанымызға 30 жыл толғанымен, елімізде тұралап қалған тұстарымыз өте көп» деп, үнемі көңіліміз көншімей, ұшы-қиыры жоқ дау-дамайлармен даурыға беруді әдетке айналдырып алғандаймыз-ау... Шынымен де кейбір салалардың әлдеқашан дамып кеткен елдер қатарының «шаңына» да ілесе алмайтындары бар шығар, бірақ бүгінгі әңгіме отандық медицинаның кейінгі он жылдықтағы аяқ алысына қатысты біраз жайтты еріксіз қозғауға әкеліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.