Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 342,5 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 146,9 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.