Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев депутаттарға ішкі туризм мен оны көлікпен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы баяндап, «AMANAT» фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаевтың 12 қазан күнгі депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.