Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл режим аз мөлшерде табыс табатын азаматтарды, сондай-ақ қызметкерлерді тартпай, іс-шараларды эпизодтық негізде жүзеге асыратындарды, оның ішінде интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтіндерді қолдауға бағытталған. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті BAQ.kz редакциясының сауалына берген жауабында жаңалықтың егжей-тегжейін түсіндіріп, қандай тұлғалар осы режимді пайдалана алатынын нақтылады.
Жаңалықтар