Сейсмология институтына сапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ғалиаскар Сарыбаевқа, Сергей Ершовқа және Жанна Асановаға еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сейсмикалық тәуекелді төмендету мәселелері айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.