Петропавлда Жұмысшылар кентіндегі үйлердің бірінде 1 қаңтарда өрт шықты. Оқиға орнына бірінші болып 19 жастағы студент Мария Симонова шықты. Бойжеткен өртеніп жатқан үйге жүгіріп кіріп, ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Петропавловск news" басылымына сілтеме жасап.