Ресейдің Алтай өлкесін су басып, табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап. Оқи отырыңыз «Крокус Сити Холлда» болған теракт құрбандарының саны артты «Қазақстан сабақ алуы керек». Депутат Ресейдегі теракт жайлы айтты 90 үй мен 600 жер телімі бүлінген. 10-ға жуық тасжол жабылды. Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды. Бұдан бөлек, Саратов облысында да биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасқан. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.