2023 жыл аяқталарда халық арасында енді дүкендер, таксилер онлайн аударымдарды қабылдамайтынын, қайтадан қолма-қол ақшаға көшетінімізді айтып, азаматтар абдырап қалды. Бұл дүрбелең бүгінде әлі басылмай отыр. Халықтың алаңдауына не себеп? Мобильді аударым мен мобильді төлем деген не? Сұрақтардың жауабын іздеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.