21 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.