Заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысына сәйкес Қазақстанда 27 мыңға жуық көлік құралын тіркеу жүргізілді. Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.