Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 80 пайызы мемлекеттік сатып алулармен байланысты. Мұндай бұзушылықтарды азайту үшін оқиға болғаннан кейін емес, алдын-ала жұмыс істейтін бақылау жүйесі қажет. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.