Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ұсыныстары негізінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін 30 жаңа кәсіппен толықтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.