Жалпы демалуға немесе ем алуға жылдың қай мезгілін таңдасаңыз да, өзіне тән бір белгілерімен айшықталатыны сөзсіз. Бір жағынан ішкі туризмді дамытсақ, екінші жағынан демалып та, ем алыпта жанымызға шипа табатынымыз рас. Осы мақсатта BAQ.KZ тілшісі баспасөз туры аясында Президент Іс басқармасы медициналық орталығына қарайтын «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне ат басын бұрған болатын.