Кеше Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қаза тапқан бес адамның заңсыз таксидің жолаушылары болғаны анықталды. Toyota Estima көлігі Өскемен – Риддер автожолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігіне соғылған. Бір адам жараланды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі жолда ақау шыққандықтан, апат кезінде кабинада болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.