Паттайя қаласында (Таиланд) жастар мен жасөспірімдер арасында слаломнан он үшінші Азия чемпионаты өтті. Бұл турнирде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Виктория Маисеева мен Влада Тараданова командалық жарыстарда алтын медаль жеңіп алды. Қыздар әр түрлі командаларда өнер көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Олар әйелдер байдаркасында 23 жасқа дейінгі жас санатында басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.