Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Шу аудандық полиция бөліміне осы ауданның 31 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғалардың дүкенінен түнгі уақытта жасырын түрде кіріп, 720 дана блок әртүрлі маркалы темекі бұйымдарын және 200 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткендігі туралы арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.