Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.