Шымкентте Илон Масктің ізін қуғандар машина жасау ісіне жаңа серпін әкелуге бекініп отыр. Заман талабына сай, экологиялық таза, дыбыссыз қозғалатын автокөліктер алғаш рет отандық нарықта пайда болды. Мұндай көліктің ТМД елдерінде әзірге баламасы жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.