Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "Alarko Holding" түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури "Бозарық" индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.