Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының төрағалық етуімен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.