Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылында құс фабрикасының тұсауы кесілді. Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін тауық етін шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында жаңадан 170 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдегі тілшісі.