Сарапшылардың пікірінше еліміздің бірқатар өңірінде 2030 жылға дейін су тапшылығы сезілуі мүмкін. Сондықтан суды үнемдеу қажет-ақ. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев осы мақсатта атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.