Қазақстандағы мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі «KAZ Minerals» тобы мен тау-кен байыту жабдықтарына арналған резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын «ПК ДАРС» ЖШС алдағы уақытта резеңке-металл футеровкаларын жеткізу бойынша 1,9 млрд теңгеден асатын өзара ұзақ мерзімді шартқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.