М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің ректорлары қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты. Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.