Невскийге ескерткіш орнату біздің еліміздегі Кремль саясатының күшеюінің тағы бір дәлелі ретінде қабылдануы мүмкін. Алайда ескерткіштерден басқа, ресейлік арналардың тәулік бойы хабар таратуы Қазақстанның ақпараттық ортасына көбірек әсер етеді. Сондықтан бізге жақын тарихи тұлғаның ескерткішін орнатуды ақпараттық насихаттан ажырату білу керек. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты Ернар Ужкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.