7 қараша күні Халықаралық Түркі академиясы және Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті бірлесіп көрнекті түрколог, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойларына орай «Ахмет Ахмет Байтұрсынұлы және түркі әлеміндегі рухани сабақтастық» атты халықаралық конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.