16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Тәуелсіздік күні – елдің егемендігін жариялап, өз даму жолын таңдаған тарихи күн. Бұл мереке тек өткенді еске алып қана қоймай, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, қоғамдық-саяси бағытта да айтарлықтай өзгерістерді бастан өткерді. Елдің саяси жүйесі жаңғыртылып, азаматтардың мемлекет ісіне қатысуы артты. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси трансформациясын Baq.kz тілшісінің шолуынан толығырақ оқи аласыздар.
Жаңалықтар