23 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамының мерекелік онкүндігі аясында Тазару күні атап өтіледі. Осы датаға орай мәдениет қызметкерлері мен танымал өнер қайраткерлері елордада ауқымды сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


