Дзюдо тарихында есімі алтын əріппен жазылған француз, Олимпиаданың 3 дүркін жеңімпазы, 11 дүркін әлем жəне 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы спортшыларымен жаттығу жасады.Осылайша, Алматы қаласындағы дзюдо Академиясындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі мəресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.