17 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің чемпионы атанды. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 47-орында тұрған С.Жиенбаева финалда жарыстың 1-ракеткасы, бельгиялық Жульен Вандромені (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.