Қазақстан азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» КҚ ақпараты бойынша TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Дегенмен осы туроператор арқылы шетелде жүрген қазақстандық туристерге алаңдауға негіз жоқ. Еліміздің Туризм және спорт министрлігі олар елге қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.