Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесінің жойылуына қатысты қоғамдағы күмәнге нүкте қойды. Президенттің айтуынша, бұл қадам жемқорлықпен күресті әлсіретпейді, қайта оның тиімділігін арттырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.