АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Үкіметтің тиімділік департаментін құратынын мәлімдеді. Оның айтуынша бұл мекемені Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск пен Республикалық партия атынан президенттікке үміткер болған Вивек Рамасвами басқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.