Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен елордада сала бойынша қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында туризм және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру, төрағасын сайлау, хатшыны тағайындау, ережені бекіту, төралқаны сайлау сияқты мәселелер қаралды. BAQ.KZ бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.