Тамшылатып суару және элиталық сорттардың тұқымын себу негізінде мақта-тоқыма кластерін құру мақта өсіруге арналған аумақты қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.