Қоғамда күн санап түрлі келеңсіз оқиға орны алуда. Ер мен әйел, ана мен бала арасындағы түсініксіз дау-жанжал соңы қайғылы оқиғаға әкеп, орны толмас зардап көрініс беруде. Мәселенің бәрін әлеуметтік жетіспеушілікке жауып, құқықтық, заңдық жауапкершілік алмайтын күш көрсетуші топтардан осал жандарға жасалынатын озбырлықтар тыйылар емес. Дегенмен елде соңғы уақытта бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Тіпті мемлекет заңмен қорғайтын тиісті заң жобасын бекітті. Десек те, заң мен заман адам пиғылын өзгерте алады ма? Осы орайда Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының заңгері Айдана Сатылғанқызымен сұхбат өрбіттік.