Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте элеваторлардың жаңа өнім қабылдауға дайындығы, экспорт мүмкіндіктері және егін жинау кезіндегі ықтимал тәуекелдер мәселелері талқыланды. Кездесуге Астық одағы мен Егін өсірушілер одағының өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz сілтеме жасап.