Үлкен Нарын ауылында үш жылу көзі орналасқан. №2 қазандық 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бес көпқабатты үйді, он жеке тұрғын үйді және бес заңды тұлғаны, сонымен қоса әлеуметтік мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді. Ал 1974 жылы салынған №3 қазандық Агроколледждің алты корпусын және төрт көпқабатты тұрғын үйді жылытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.