Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқандықтан, сиыр, түйе, қой, ешкі сүтінен құрттың түр-түрін жасаған. Жаңа технологиялардың заманы болса да, құрт жасау өнері өзектілігін жоймады. Керісінше, алыс-жақын шет елдерге танылып, жоғары бағаланып жатқан жайы бар. Осы орайда жастар арасында «JanAjem» атауымен ата кәсіпті арқау етіп, ұлттық өнімдерді танытып жүрген жастардің бірі Аружан Әнуарбекқызымен Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі сұхбаттасқан еді.