Вьетнам нөсер жаңбыр мен су тасқынының салдарынан әлі де зардап шегуде, қаза тапқандар саны 41-ге жетті. Дак Лак және Кханьхоа провинциялары ең қатты зардап шекті, тиісінше 16 және 14 адам қаза тапты. BAQ.KZ VnExpress-ке сілтеме жасай отырып, тағы тоғыз адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды.