Конституцияға енетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сынды негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.