Жақында қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Біз Ішкі істер министрлігімен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады», – деп жазды министр. Сондай-ақ ол 28 маусым күні Үкімет …