Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Найзағай, жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте тұман болуы мүмкін. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы […]