«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, […]