«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін жаңбыр жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы […]