«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін оңтүстік, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр болады. Қазақстанның батысында жоғары қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, батыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі; түнде найзағай кезінде, күндіз […]