«Қазгидромет» 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік аймақтарда оңтүстік аймақтарға қарағанда әлі де күн салқын болады. Бұл оңтүстікке Өзбекстаннан келетін жылы ауа массасы мен солтүстік аймақтарға келетін суық ауа массасына байланысты болмақ. Сондықтан солтүстік-батыс антициклоны әсерінен түнде ауа температурасы төмен болады. Екі ауа ағыны кездесіп, батыс өңірлерде жаңбыр (кей жерлерде нөсер), найзағай, бұршақ […]