Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы тұрғындары жалпыұлттық референдумде белсенді дауыс беруде. Айтып өтері, өмірінде тұңғыш рет дауыс беріп отырған тұрғындарға сыйлықтар табыс етілді. Солардың бірі – 18 жастағы Нұрасыл Дахбай. «Ауданымызда дауыс берушілердің ішінде 18 жасқа толған Нұрасыл ел болашағына бейжай қарамайтынын танытып, референдум учаскесіне келіп, алғаш рет дауысын берді. «Ел болашағы – жастардың қолында» […]