Жамбыл облысында алтын өндіретін компаниядан 4 тонна мыс ұрланды. Полицияға компания басшысы арызданған. Қоймадан жалпы көлемі 11 миллион теңгеден асатын металл жоғалған. Жедел іздестіру нәтижесінде, Мойынқұм ауданының полицейлері осы кәсіпорынның 32 және 30 жастағы екі қызметкерін ұстады. Ұсталғандар кінәсін толық мойындады. Екеуі мысты металл сынықтарын қабылдайтын орынға бір келісін 3000 теңгеден өткізген. Ұрлап өткізген металдан […]