Нұр-Сұлтан сотында ата-ана құқығынан айыру туралы жантүршігерлік іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz–ке сілтеме жасап. Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын тәрбиелеуге тыйым салынды. Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. …